MANYZDY
OZ OIYM

Kieli, qasietti oryndar el men zher tarikhy

Kieli, qasietti oryndar el men zher tarikhy

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жер-жерде іске асырылып жатыр. Бағдарлама аясында Қазақстанның киелі жерлерін анықтау жұмыстары да қолға алынған болатын. Бұл бастама негізінде кең байтақ Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі киелі, қасиетті орындар тізімделіп, олардың географиялық бағыт-бағдарлары айқындалмақ. Қазірге дейін елімізде жалпыұлттық деңгейде 100, жергілікті маңызы бойынша 500 киелі орын таңдап алынған екен. Бұл іс-шаралардың аясында Қазақстанның киелі жерлерінің энциклопедиясы да жарыққа шықпақ. Осы ретте Алматы облысы мәдениет басқармасының басшысы Ақан Әбдуәлиевпен сұхбаттасып, «Қасиетті Қазақстан» жобасының өңірде қалай атқарылып жатқаны туралы сұраған едік.

Ақан Жылқышыбайұлы, Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір тармағында еліміздің киелі орындарының географиясын анықтау мәселесі сөз болған. Осы мақсатта Алматы облысында қандай шаралар қолға алынып жатыр?

  • Бағдарлама аясында «Қасиетті Қазақстан» жобасының қолға алынғаны өте қуантады. Себебі бұл біздің қасиет тұнған байырғы жерлеріміздің бар екенін, оларды қазіргі ұрпақ ардақтап жатқанын көрсететін ерекше жоба болмақ. Аталмыш жоба бойынша республикалық тізімге Алматы облысынан біз 14 нысанды ұсынып отырмыз. «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы да осы 14 нысанға келісім беріп, таңдап отырған жайы бар. Облысымыздағы қасиетті жерлер картасын жасауға байланысты түрлі экспедициялар, зерттеулер ұйымдастырылады, одан кейін сол орындардың тарихы, сол жер туралы әңгімелер, әпсаналар жинақталады. 

 

Жаркент мешіті

Сіз айтып отырған 14 нысан қандай ерекшеліктеріне байланысты таңдалды?

  • Киелі жерлер біздің аймақта, әрине, көп. Бірақ, негізінен осы жоба тапсырмасын жүзеге асыру барысында біз төрт бағытты негізге аламыз: археологиялық нысандар, діни орындар, тарихи және табиғи ескерткіштер. Мысалы біздегі Таңбалы тас сияқты орындар тарихи ескерткіштерге жатады. Тарихи орындар дегенде Қойлық, Қарамерген, Талхиз қалашықтары еске түседі. Одан өзге де көне қалалар жетіп артылады. Шеңгелдінің ортасындағы Керуен сарайдың өзі тарих тұнған шаһар санатына жатады. Ал табиғи нысандар дегеніміз – Хан-Тәңірі тауы, Шарын шатқалы сияқты мекендер. Қазіргі таңда барлық ауданда және облысымызда құрамында 3-5 адам топтастырылған сараптау комиссиялары құрылды. Сол сараптау комиссиясы өздері тізімді бір сұрыптаудан өткізіп, бізге жібереді. Біз қарап, талқылаймыз, суреттері жиналып, олар туралы айтылатын аңыз-әңгімелер тізімделіп, олардың хронологиялық мерзімдерінің барлығы реттеліп, бір жүйеге келтіріліп жатыр. Сосын көп ретте қоғамда киелі, қасиетті деген атауларға қатысты көптеген пікір қайшылықтары, дау-дамайлар да шығып қалады. Біз осы сөздер мен атаулардың ара-жігін ажыратып алуымыз керек. Киелі жерлер дегеніміз не? Ол - кие тұтатын жер. Яғни, адам өзі барса жеңілдеп, ой үстінде қиналып жүрген болса, рухани сая табатын жер. Сосын баяғыда ата-бабаларымыз айтатын еді ғой, «біраздан бері балалы болмай жүр екен, содан әулиенің басына барып түнегеннен кейін бала сүйген» деп. Мұндай мысалдарды әйгілі «Алпамыс батыр» жырынан да байқауға болады. Демек, кие деген расында бар және әсерлі дүние. Бұл қатарға Алланың жердегі үйі мешіт пен бабаларымыз жатқан, бабаларымызға арнап салынған кесенелерді де келтіруге болады. Ал қасиетті жер дегеніміз – қандай да бір тарихи оқиғаның әсерімен айтулы мекенге айналған орындар. Мысалы, біздің аймақта «Найза қалған» деген жер бар. Халық арасында соның басына барып, суын ішсе шипа болады екен дейді. Бұл дегеніңіз қасиет ғой. Алланың ол жерге беріп қойған қасиеті. Ал қастерлі жерлер дегеніміз не дегенде, Қапалда тұрған Тамшыбұлақты, Шарын шатқалдарын мысалға келтіре аламыз. Біз ондай орындарды күтіп-баптап, қастерлеп отыруымыз керек. Оларға қарамасақ, ертең азып-тозып кетеді. Міне, осындай түрлі орындарды анықтап, сала-салаға бөліп, географиялық бағытын айқындауға кірісіп жатырмыз.

 

Шарын шатқалы

Қасиетті, киелі орындардың географиялық құрылымын айқындау арқылы еліміздің туристік әлеуетін қаншалықты арттыруға болады?

  • Біз қазіргі жасап жатқан осы шаралардың барлығы кейін туристік әлеуетті көтеруге, туризмнің дамуына алғышарт, көмек болады. Себебі киелі орындарды таңдап, таразылап алғаннан кейін біз оларды не үшін, не мақсатта пайдалануымыз керек? Біріншіден, келешекте шетелден келгендер болсын, облысымыздың, республикамыздың тұрғындары болсын, соларды апарып көрсететін, көңіл көкжиектеріне ерекше демалыс сыйлайтын жерлер болуы керек. Яғни, туризммен тікелей байланысы бар деп айтуға болады. Екіншіден, рухани жаңғыруымыз керек. Елбасының мақаласында айтылды ғой біз кімбіз, қайдан шықтық, қайда барамыз? Сол тұрғыдан алғанда мұның мақсаты – біздің қандай ел болғанымызды, қандай тарихы бай ұлт болғанымызды анықтап, зерттеп, зерделеу керек. Біз өзіміздің киелі жерлерімізді белгілеп, энциклопедия етіп шығарып, картасын жасап, барлығы ғылыми түрде белгіленіп қойғаннан кейін оған сырттан ешкім көз алартып даулай алмайды. Демек, мұның мақсаты тым тереңде жатыр. Сосын ұрпақ өз тарихын білу керек. Бір ғана Жаркент мешітін алатын болсақ, ол еш шеге қолданылмай тек ағаштан тұрғызылған керемет сәулет өнері. Өңірімізде сонау жаугершілік заманнан қалған, ескі күндерден сыр шертетін орындар да бар. Қаратал қырғыны болған жер, Орбұлақ шайқасы болған орын секілді.

 

Қойлық

Аудандарда, облыста құрылған сараптау комиссиясының құрамында қандай мамандар бар?

  • Комиссия құрамына тарих, география мамандары жазушы-журналистер, суретшілер, мүсіншілер секілді шығармашылық тұлғалар тартылып жатыр. Олардың әрқайсы жобаның ойдағыдай атқарылуы үшін қызмет етеді. Біз жалпы алғанда 156 нысанды белгілеп қойдық қой. Бірақ, осымен тоқмейілсіп тоқтап қаламыз деген сөз емес. Себебі бұл жерде жаңадан басталғаннан кейін, қашан бір соқпақ жолға түскенше қалтарыс-бұлтарысы көп болады. Сондықтан бір ыңғайға түсіп алған соң жұмыстар әрі қарай да жалғасады. Қасиетті жерлерді анықтау, руханиятты дамыту – бір-екі жылдың ғана жемісі емес, ұзақ мерзімді жоба. Жалпы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы – ұзақ уақытқа созылатын, кең көлемді бағдарлама. Осының аясында көп нәрсемізді бүтіндеп алуға мүмкіндік бар. Шүкір қазіргі таңда мемлекеттен де, облыс басшылығынан да рухани және қаржылық қолдау баршылық. Басында осы бағдарлама барысы бойынша облыс тарапынан 18 бағдарлама ұсынылған, кейін дамыта келе оның саны 33-ке жетті. Біздің міндетіміз осы міндеттерді, артылған сенімді лайықты ақтап шығу.

Комментарии (0)

    MERGENSOZ
    MERGENSOZ

    Amirzhan Kossan

    Повышение зарплат депутатов и полицейских - покупка их лояльности в ближайший период; следовательно, в скором времени в парламенте надо будет утверждать что-то особенное и нужно будет обеспечивать порядок во время возможных протестов.
    А учителя и врачи - подождут?!
    На месте школьных и медицинских профсоюзов я бы возмутился и призвал бы своих коллег проявить свой протест!

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    ALASHORDA - 100 JIL
    TUGAN KUN