MANYZDY
OZ OIYM

Google men Yandex mamandary kasipkerlerge internet saudany uiretedi

Google men Yandex mamandary kasipkerlerge internet saudany uiretedi

Google және Яндекс компанияларының сарапшылары алматылық кәсіпкерлермен тәжірбие бөліседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық кітапханасында Алматы кәсіпкерлер палатасы әлемдік және қазақстандық компания сарапшылары дәріс беретін «Digital marketing workshop» интернет-маркетинг сабақтарын бастады.

Шараның ашылуында сөз алған Алматы кәсіпкерлер палатасының директоры Юрий Тілеумұратов кәсіпкерлер үшін семинар тегін ұйымдастырылып отырғанын айтты.

«Алматы кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» ҰКП-сы да кәсіпкерлерге консалтингтік қолдау қажеттігіне көз жеткізді. Бизнеске маркетологтардың көмегі қажет. Сондықтан, маркетинг бойынша сауаттылық арттыруға арналған 6 жобамыз бар. Алматы кәсіпкерлер палатасында 15 маркетолог көмек көрсетеді. Сонымен қатар, біз маркетологтар клубын аштық. «Digitalmarketing workshop» бағдарламасын біз бірқатар әріптестерімізбен бірге ұйымдастырып отырмыз. Семинар 7-8 модульден тұрады. 2 ай сабақтар өтеді, әр аптаның жұма күндері жиналады. «Google», «Яндекс» компаниялары өкілдері дәріс береді. Қазіргі уақытты «Майкрасофт» компаниясы сарапшыларын жобамызға шақырып отырмыз. Біз интернет саудасы бойынша кәсіпкерлердің білімін көтергіміз келеді», — деді Юрий Тілеумұратов.

Оның айтуынша, қараша айында қатысушылардың екінші тобы үшін сабақтар басталады.

«Сабақтарға қатысу тегін. Адамдарды іріктеуде шектеу жоқ. Бірақ негізінен кәсіпкерлер қатысуға өтініш білдірді. Бұл сабақтарды алдағы уақытта Астана, Қарағанды, Шымкент қалаларында ұйымдастыру жоспарда бар», — деді ол.

«Digital Marketing workshop» жобасына «Казтелепорт» АҚ, «Видео-Интернешнл Казахстан», «Select Communication Group», «Vi Digital Казахстан», «Кликобилие», «Mastersite», «ApexInteractive Казахстан» және «Great Create» компаниялары әріптес болып отыр.


Комментарии (0)

    MERGENSOZ
    MERGENSOZ

    Amirzhan Kossan

    Повышение зарплат депутатов и полицейских - покупка их лояльности в ближайший период; следовательно, в скором времени в парламенте надо будет утверждать что-то особенное и нужно будет обеспечивать порядок во время возможных протестов.
    А учителя и врачи - подождут?!
    На месте школьных и медицинских профсоюзов я бы возмутился и призвал бы своих коллег проявить свой протест!

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    ALASHORDA - 100 JIL
    TUGAN KUN