MANYZDY
OZ OIYM
KASIPKERGE KENES

PROKURATURA BIZNESTI TEKSERU USHIN ARNAIY RUKSAT ALUY KEREK

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы қаралып, мақұлданды.

Заңның жобасы Мәжіліске Республика Президентінің заң шығару бастамасымен енгізілді. Заң жобасы прокурорлық қадағалаудың шегі нақты айқындалған конституциялық реформаның жалғасы болып табылады.

Осы орайда ол заңның тиімді екендігі айтылды. Яғни алдағы уақытта прокурорлар өз бетінше бизнесті тексере алмайды. Тек қылмыс болған жағдайда ғана, бірде-бір прокурор араласпайды. Кемінде бас прокурордың шешімі қажет. Асановтың мәліметінше, прокурор мемлекеттік органдарды тек екі жағдайда тексеретін болады.

Біріншісі, егер мемлекеттік орган өзін-өзі қорғауға қабілетті емес болса немесе жаппай адамдардың құқығы бұзылып жатқан кезде.

Екіншісі, мемлекеттік органның жұмысы адамдардың өміріне немесе қоғамға қауіп төндіріп жатса.

Бас Прокурор Жақып Асанов заң жобасын ұсына отырып,  конституциялық реформа барысында Конституцияның 83-бабына өзгерістерді қолдағаны үшін депуттаттарға алғысын білдірді. Бұл бапта сәйкес прокуратураның негізгі мақсаттары нақты айқындалды. Олар: жоғары қадағалау, сотта мемлекеттің мүддесін білдіру, қылмыстық қудалауды жүзеге асыру.

Аталмыш заң жобасында жоғарғы қадағалаудың шегі мен нысаны, қызметтің негізгі бағыттары, мемлекеттік органдардың және кәсіпкерлердің әрекетіне қадағалау жүргізудің жиектері белгіленген.

Жалпы заң жобасы жоғары қадағалаудың қағидалары мен міндеттерін түбегейлі өзгертпейді. Адам құқығын қорғау, заңдылықты сақтау мен құқық қорғау қызметін үйлестіру оның басты міндеті болып қала береді.

Заң жобасына сәйкес мемлекеттік органдарды тексеру негіздері едәуір қысқартылады.

Прокуратура мемлекеттік органдарды екі жағдайда ғана тексереді. Атап айтсақ, мемлекеттік орган өз құқығын өзі қорғай алмайтын адамдардың немесе көпшіліктің құқығын бұзса; адам өмірі мен денсаулығына немесе мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтірсе.

Осындай шектеулер азаматтардың өтініштерін қарау тәртібіне де енді. Жобаға сәйкес прокурорлар тек өзін-өзі қорғай алмайтын адамдардың, көпшіліктің құқықтары бұзылғанда немесе адам мен мемлекет мүддесіне орны толмас нұқсан келтіргенде және осы мәселелерді құзырлы органдар қажетті дәрежеде шешпесе ғана өтініштерді қарайтын болады.

Өзге өтініштер өкілетті органдарға жолданатын болады. Азаматтардың мемлекеттік органдардың кез келген әрекетіне сотқа шағымдану құқығы сақталады.

Прокуратураның құқықтық актілері жүйесіне де бірқатар түзетулер енгізілді.

Олар: қадағалау және ден қою актілері болып екі топқа бөлінеді.

Қадағалау актілерінен «алдын ала ескерту» мен «ұйғарым» алынып тасталды. «Заңнамалық актіге түсіндірме берудің» де мағынасы өзгерді. Бұл акт қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ, дайындалып жатқан құқыққа қарсы әрекеттер туралы мәліметтер болған кезде енгізілетін болады.

Сонымен бірге наразылық келтіруге жатпайтын құқықтық актілер көрсетіліп, прокурорлық қадағалау актілерін қабылдаудың салдары анықталды. Енді қадағалау актілерінің мәжбүрлі түрде орындалуы сот тәртібімен ғана жүзеге асатын болады.

Прокурордың өкілеттілігі (құқықтары мен міндеттері), жауапкершілігі, тексерілетін субъектінің құқығы мен міндеті, тексеру мерзімі және Бас Прокурордың оны ұзарту шарттары бекітілді.

Заң жобасында сотта мемлекет мүддесін білдіру мен қылмыстық қудалау қызметін прокуратура органдары Қылмыстық процестік, Азаматтық процестік және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстердің негізінде жүзеге асырылатындығы көрсетілді. Прокуратура қызметінің өзге бағыттары жеке тарауда көрініс тапты.

Халық қалаулылары жаңа жобаның мазмұнына жоғары баға берді. Олар енді прокуратура тарапынан өзге мемлекеттік органдардың функцияларын алмастыру жойылып, негізсіз тексерулерге жол берілмейтінін және прокурорлар мен құзырлы органдардың жауапкершілігі дараланатынын атап өтті.

MERGENSOZ
MERGENSOZ

Amirzhan Kossan

Повышение зарплат депутатов и полицейских - покупка их лояльности в ближайший период; следовательно, в скором времени в парламенте надо будет утверждать что-то особенное и нужно будет обеспечивать порядок во время возможных протестов.
А учителя и врачи - подождут?!
На месте школьных и медицинских профсоюзов я бы возмутился и призвал бы своих коллег проявить свой протест!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ALASHORDA - 100 JIL
TUGAN KUN