MANYZDY
OZ OIYM

Khalel DOSMUKHAMEDULY

Khalel DOSMUKHAMEDULY

ALASH ZIALYLARYNYN TIL TURALY AITQANDARY

Алаш зиялылары осыдан жүз жылдан аса уақыт бұрын да қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік, саяси өмірде өз орнын ала алмай келе жатқанына үлкен алаңдаушылық білдіріп, тіл ұлттың жан дүниесі, еркіндігі мен теңдігі, ар-намысы екендігін терең сезініп, қазақ тілінің сақталып қалуы үшін бар жан-тәнімен күрескен. Сол кезеңде де тіл мәселесі бүгінгідей өгей күй кешкеніне алаш арыстарының үлкен жиындарда жасаған баяндамалары мен газет-журналдардағы мақалалары, зерттеу еңбектері мен кітаптары дәлел.

 Құрметті оқырман, сіздердің назарларыңызға бір ғасыр бұрынғы қазақ тілінің жай-күйіне қатысты үзінділерді іріктеп, ұсынғанды жөн көрдік.

 

«Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы» еңбегінде ол үндестік заңымен бірге тілдің бірқатар мәселелерін көтерді. Атап айтқанда, тіл табиғаты, сөз қолдану, әдеби тіл, басқа тілдердің әсері, тіл дамытудағы оқу орындарының рөлі, ана тілінің ұлт руханиятындағы орны т.б. Осылардың ішінде балалардың ана тілінде оқу мәселесін көтеруі – бүгінгі күнмен сабақтас өзекті мәселе. Ұлттық тілдің сақталуы – жас ұрпақтың ана тілін білуімен тікелей байланысты екендігін Х.Досмұхамедұлы сол кездің өзінде ерекше түйсініп, ұлағатты сөздер қалдырған. Оның бұл еңбегіндегі және басқа еңбектерінде жалғасын тауып жатқан мәселе – қазақ тіліне басқа тілдердің ықпалы, тілімізге енген өзге тіл сөздерін қалай қабылдау мәселесі. Бұл бағытта автор оларды тілімізге лайықтап алу қағидатын ұсынады.

 

Әдебиет тілі дұрыстап түзелмесе, қара тілдің заңымен жүрмесе, әдебиет тілі көп бұқараға түсініксіз жат тіл болады, елге сіңбейді; сондықтан жер жүзіндегі жұрттың көбі әдебиет тілін қара тілге жақын қылып елге түсінікті қылуға тырысады. Әдебиет тілінің қаруы – баспа мен мектеп. Баспа мен мектеп деген – адам шошынарлық өте қайратты қару. Баспа мен мектепте қолданған тіл елге ақырында сіңбей қалмайды.                                                                 

Мектеп пен баспаның тілі дұрыс тіл болса, елдің тілін көркейтіп, байытып, гүлдендіреді; мектеп пен баспада қолданған тіл шатасқан тіл болса, ол ел – сорлы ел, мұндай елдің тілі бұзылмай қалмайды.

Қазақтың әдебиет тілі жаңадан басталды. Елдің қара тілі әдебиет тілімізге негіздікке алынды. Әдебиет тіліміздің табаны дұрыс салынды деуге болады.

 

Рұсиада орысша жақсы, ең таза сөйлейтіңдер түріктердің оқығандары, әсіресе ноғайлар мен біздің қазақ-қырғыздар; кірмелі кірузиндер, немістер, латыштар, финдер орысша жаман сөйлейді. Бұлардың тілінде өнемейін әксент деген нәрсе білініп тұрады.

Мұның себебі мынау: соңғы уақытқа дейін біздің Рұсиадағы түріктерде мұсылманша оқыту, оқу бар еді, ұлт оқытуы жоқ еді.

Орыс мектептеріне кірген балалар ана тілін оқып әбден жаттығып кірмей, ана тілімен таныс болмай тұрып, орысша оқи бастайтын еді. Орыс мектептеріне кіргендердің ес-дерті орыс тілін жақсы білу, орысша жақсы сөйлеу болатын еді. Орыс мектептеріндегі оқытулардың да бар тілегі жас өспірімге орыс тілін жақсы білдіріп, орыс тілін ана тіліндей қылып жіберу еді.

Осылай болған соң, бірнеше жыл орысша оқыған балалар орысша орасан шебер болып кететін еді. Ана тілінің заңын, әдетін ұмытып кететін еді. Ана тілінің нақуы, сарфы жоқтығы, орыс тілінің астамдығы, болашақтағы пайдасы адамды қызықтыратын еді.

Жасында ұлт мектебінде дұрыстап оқыған адам ана тілінің заңын ұмытпайды, бөтен тілдің сөздерін ана тілінің заңымен айтамын деп шатасады. Әксент туады, бөтенше сөйлеуге, бөтен елдің адамынан айырылмастай болып сөйлеу бұларға өте қиын болады. Бұлардың жат тілде сөйлегенде жаттығы білініп тұрады. Өз тілін жақсы білген түрікке Аурупа тілдерінде сөйлеу қиын болса керек.

Сонда да біздің ноғай, қазақ сықылды түріктер орысша соншама жақсы сөйлейді, бұлардың орыс еместігі жақсы сөйлегеннен білініп тұрады. Оқыған түрік орыстың нағыз әдебиет тілімен сөйлейді. Нағыз орыс көбіне жасында үй ішінде үйренген тілімен сөйлейді; оқыған түріктер орыстың әр дыбысын ішкөлде үйренген қалпымен айтады. Сондықтан орыс ішкөлінде қатар оқыған орыс, қазақ балалары диктөбке жазғанда қазақтар хатасыз жазады, орыстар хатамен жазады.

Мектепте ана тілін жақсылап оқыған балаға орыс сөздерін көпке дейін дұрыстап сөйлеу мүмкін емес.

Біздің айтайын дегеніміз мынау: бөтенше жақсы сөйлеймін деп мақтану керек емес, ойлаңқырау керек.

Ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – сүйініш; ана тілін білмей тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – күйініш. Өз тілін білмей тұрып жат тілді еліктей беруі зор хата. Бұл оқығандардың һәм оқушылардың есінен шықпауы керек.


Комментарии (0)

    MERGENSOZ
    MERGENSOZ

    Amirzhan Kossan

    Повышение зарплат депутатов и полицейских - покупка их лояльности в ближайший период; следовательно, в скором времени в парламенте надо будет утверждать что-то особенное и нужно будет обеспечивать порядок во время возможных протестов.
    А учителя и врачи - подождут?!
    На месте школьных и медицинских профсоюзов я бы возмутился и призвал бы своих коллег проявить свой протест!

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    ALASHORDA - 100 JIL
    TUGAN KUN