MANYZDY
OZ OIYM

Magjan ZHUMABAEV

Magjan ZHUMABAEV

АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ТІЛ ТУРАЛЫ АЙТҚАНДАРЫ

Алаш зиялылары осыдан жүз жылдан аса уақыт бұрын да қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік, саяси өмірде өз орнын ала алмай келе жатқанына үлкен алаңдаушылық білдіріп, тіл ұлттың жан дүниесі, еркіндігі мен теңдігі, ар-намысы екендігін терең сезініп, қазақ тілінің сақталып қалуы үшін бар жан-тәнімен күрескен. Сол кезеңде де тіл мәселесі бүгінгідей өгей күй кешкеніне алаш арыстарының үлкен жиындарда жасаған баяндамалары мен газет-журналдардағы мақалалары, зерттеу еңбектері мен кітаптары дәлел.

 Құрметті оқырман, сіздердің назарларыңызға бір ғасыр бұрынғы қазақ тілінің жай-күйіне қатысты үзінділерді іріктеп, ұсынғанды жөн көрдік.

Тіл

Жанның жайын жарыққа шығару жолы. Жанның жайын жарыққа шығару үшін, жанның сырын сыртқа білдіру үшін адамның екі құралы бар: біреуі – мимика, біреуі – сөз. Мимика дегеніміз – жанның сырының дене арқылы сыртқа білінуі (бас изеу, күлу, жылау сықылды). Мимика тілін әркім-ақ ұғады. Бірақ мимикамен бар нәрсені ұқтырып болмайды. Мимика – ішкі сезім тілі. Мимика арқылы ойды жарыққа шығаруға мүмкін емес. Ойдың тілі – сөз. Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойымызды  сыртқа білдіре аламыз һәм басқа адамдардың ойларын біле аламыз. Сөз болмаса, адамда білім болмас еді. Атын атап, сөзбен бекітіп тастамасақ, жанда суреттер, ұғымдар тұрмас еді. Сөз болмаса, сөзбен адамзаттың бірін-бірі ұғысуы болмаса, жер жүзіндегі осы күнгі адамзат тұрмысы деген тұрмыс та болмас еді. Қысқасы, жан көріністерінің ең қымбаты – ой, ой тілі – сөз. 

Тілдің адам өмірінде һәм ұлт өмірінде

алатын орны

Тіл – адам жанының тілмашы. Тілсіз жүрек түбіндегі бағасыз сезімдер, жан түкпіріндегі асыл ойлар жарық көрмей, қор болып қалар еді. Адам тіл арқасында ғана жан сырын сыртқа шығарып, басқалардың жан сырын ұға алады. Ойлаған ойын сыртқа шығарып басқаға ұқтыра алса, адамның не арманы бар. Жазушы, ақын деген сөз – ойлаған ойын әдемілеп жарыққа шығара алатын адам деген сөз. Тілі кем болса, адамның қор болғаны. Ойың толып тұрып, айтуға тілің жетпесе, іш қазандай қайнайды да. Қысқасы – адамның толық мағынасы мен адам аталуы тіл арқасында.

Тіл әрбір адамға осындай қымбат болса, әрине, ұлт үшін де қымбат. Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес. Ондай ұлт құрымақ. Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болу. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағандығын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат ешнәрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тынық, біресе құйындай екпінді тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмыс, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр. Қазақтың сар даласы кең, тілі де бай. Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, орамды, терең тіл жоқ. Түрік тілімен сөйлеймін деген түрік балалары күндерде бір күн айналып қазақ тіліне келмекші. Қазақ тілін қолданбақшы. Осы күнде-ақ айналып келе жатыр. Татардың әдебиет тілі жыл-жыл сайын қазақ тіліне жақындап келеді. Күндерде бір күн түрік балаларының тілі біріксе, ол біріккен тілдің негізі қазақ тілі болса, сөз жоқ, түрік елінің келешек тарихында қазақ ұлты төрден орын алмақшы. Келешектің осылай болуына біздің иманымыз берік. 


Комментарии (0)

    MERGENSOZ
    MERGENSOZ

    Aidos Sarym

    Насчет заморозки средств Нацфонда.
    Создается впечатление, что многие сограждане восприняли новость будто эти деньги уже забрали с концами. Это не так. 
    Заморозка счетов - это в общем-то обычная процедурная мера в такого рода делах. Не мы первые, не мы последние. Если проиграем в суде снимут деньги Стати плюс судебные издержки. И скорее всего на время заморозки не будут идти проценты. 
    Вопрос, кажется, глубже.
    1. Наши госорганы, которые привыкли считать наши суды недоразумением и формальностью оказываются полностью беспомощными в более или менее конкурентном суде за рубежом. 
    И теперь, вопрос быстрой и эффективной разморозки счетов в НЮ Меллоне - это вопрос чести для правительства Сагинтаева. 
    Разморозка возможна в случае если суд убедится в доброй воле ответчика, его готовности признать юрисдикцию и выполнить любое решение суда либо если правительство договорится с истцом. Чем дольше суд - тем больше издержки. 
    Кроме всего прочего власти должны обьяснить людям что происходит. Информировать общество о ходе процесса. 
    2. Из правового нигилизма следует и второе следствие. Наши чиновники и госбизнес смотрят на контракты как на формальность. Завели инвестора, не понравилось, можно и кинуть. Благо силовой и судебный ресурс свой. 
    Между тем инвесторы собирают бумаги, нанимают юристов и при случае потом могут поставить в позу зю не тех кто их кинул, а конкретно государство. Что с нами и произошло. Есть много фирм, которые на этом заточены и сьели не одного бегемота. 
    Допускаю, что Стати сам не ангел, а проект был с душком. Но разве нельзя было выкинуть его соблюдая все процедуры? 
    3. В любой стране подобное событие вызвало бы ураган и цунами негодования. У нас же тишина. 
    Где парламентские слушания? Где заявления политпартий? Где расследования в СМИ, интервью с фигурантами, с г-ном Стати? 
    ...
    В любом случае это важнее чем Төреғали...

    ALASHORDA - 100 JIL
    TUGAN KUN