MANYZDY
OZ OIYM

«Baluan Sholaq» filmi zhaqynda korermenderine zhol tartpaq

«Baluan Sholaq» filmi zhaqynda korermenderine zhol tartpaq

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Дулат Исабеков сценариін жазған «Балуан Шолақ» көркем фильмінің түсірілімдері аяқталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі таңда фильмнің өндірістегі ақырғы этапы - монтаждау кезеңі жүріп жатыр. Аталмыш тарихи туынды әнші және композитор, аты аңызға айналған балуан Балуан Шолақ туралы баяндады.

"Қазір монтажды бітіргелі отырмыз. Монтаж - фильмнің үшінші және соңғы рет туылатын сәті. Монтажға көп уақытым кетті, себебі түсірілген материал ауқымды әрі қызықты. Монтаждың соңғы нұсқасын ''Қазақфильмнің'' Эксперттік кеңесіне көрсетеміз. Содан кейін ғана дыбыстау жұмыстары, графика және түстеу жасаймыз", - дейді фильм -режиссер Нұргелді Садығұлов.

Бұл оның көркем фильмдегі алғашқы қадамы. Сондай-ақ, режиссер Бурабайда өткен түсірілімдер туралы да сөз етті.

"Көкшетаудағы түсірілімдер өте сәтті өтті деп ойлаймын, себебі мен үшін табиғат таптырмас актер. Түсірілім кезінде жаңбыр жауып, боран болды. Соған қарамастан түсірілім топ та, актерлер де бір адамдай жұмыс істеді. Соның арқасында алдымызға қойған мақсатымызға қол жеткіздік. Монтаждап болған соң, эпилог керек деген шешім қабылдадым. Фильмнің эпилогын түсірсек фильм әсерлі әрі тақырып кеңінен ашылады деп сенем" – дейді режиссер.

Фильмнің түсірілімдері Алматы облысы, Павлодар қаласы және Бурабайда өткен. Алматы облысы Кеген және Жалаңаш ауылдарында фильмнің негізгі бөлігі түсірілген. Көпшілік сахналарға үш жүзге жуық адам қатысқан. Режиссердің айтуы бойынша фильмде компьютерлік графика көп жасалады. Көрермен қауымнан біраз ақпаратты жасырып қалғысы келген режиссер бұл жөнінде көп тоқталмады. Десе де, режиссер фильмді түсірудегі басты мақсаты жайында айтты.

"Ең бастысы мен үшін Балуан Шолақтың бейнесін үлкен экранға әкелу және сол дәуірді көрсету, қаншалықты сәтті немесе сәтсіз шықанын экран көрсетеді. Түсірілген материал жүз пайызға ұнайды деп айта алмаймын. Кейде монтаждан ашумен кетемін, кейде қуанышпен шығам. Актерлердің барлығы да барын салды. Десе де, Балуан Шолақтың рөліндегі Еркебұлан Дайыров, Ақылбайды сомдаған Медғат Өмірәлиев пен Долгоносовты ойнаған Александр Багрянцевті ерекше атап өткім келеді" – дейді ол.

Айта кетейік, фильмге екі бірдей трейлер және екі саундтрек әзірленіп жатыр. Шығармашылық топ оларды жақын арада көрермен назарына ұсынады. Фильм жылдың соңында көрермен назарына ұсынылады деп жоспарлануда.

 


Комментарии (0)

    MERGENSOZ
    MERGENSOZ

    Aidos Sarym

    Насчет заморозки средств Нацфонда.
    Создается впечатление, что многие сограждане восприняли новость будто эти деньги уже забрали с концами. Это не так. 
    Заморозка счетов - это в общем-то обычная процедурная мера в такого рода делах. Не мы первые, не мы последние. Если проиграем в суде снимут деньги Стати плюс судебные издержки. И скорее всего на время заморозки не будут идти проценты. 
    Вопрос, кажется, глубже.
    1. Наши госорганы, которые привыкли считать наши суды недоразумением и формальностью оказываются полностью беспомощными в более или менее конкурентном суде за рубежом. 
    И теперь, вопрос быстрой и эффективной разморозки счетов в НЮ Меллоне - это вопрос чести для правительства Сагинтаева. 
    Разморозка возможна в случае если суд убедится в доброй воле ответчика, его готовности признать юрисдикцию и выполнить любое решение суда либо если правительство договорится с истцом. Чем дольше суд - тем больше издержки. 
    Кроме всего прочего власти должны обьяснить людям что происходит. Информировать общество о ходе процесса. 
    2. Из правового нигилизма следует и второе следствие. Наши чиновники и госбизнес смотрят на контракты как на формальность. Завели инвестора, не понравилось, можно и кинуть. Благо силовой и судебный ресурс свой. 
    Между тем инвесторы собирают бумаги, нанимают юристов и при случае потом могут поставить в позу зю не тех кто их кинул, а конкретно государство. Что с нами и произошло. Есть много фирм, которые на этом заточены и сьели не одного бегемота. 
    Допускаю, что Стати сам не ангел, а проект был с душком. Но разве нельзя было выкинуть его соблюдая все процедуры? 
    3. В любой стране подобное событие вызвало бы ураган и цунами негодования. У нас же тишина. 
    Где парламентские слушания? Где заявления политпартий? Где расследования в СМИ, интервью с фигурантами, с г-ном Стати? 
    ...
    В любом случае это важнее чем Төреғали...

    ALASHORDA - 100 JIL
    TUGAN KUN