MANYZDY
OZ OIYM

Shamshinin qaryndasy Qaldybek Qurmanalige okpesin zhaiyp saldy

Shamshinin qaryndasy Qaldybek Qurmanalige okpesin zhaiyp saldy

Қазақтың әйгілі композиторы Шәмші Қалдаяқовтың қарындасы Райхан өзінің ағасы туралы түсірілген "Ән аға" телехикаясындағы олқылықтарды сөз етті. Сонымен бірге "Рейтинг" газетіне берген сұхбатында ол өзіне "айтпаған сөзді айтып, қорлаған" шәмшітанушы Қалдыбек Құрманәліге қатысты өз шындығын айтты.

 «Ән аға» телехикаясында көрсетілген деректер шындықтан алыс. Өкінішке қарай, қазақтың дарынды композиторын кей тұстарында сайқымазақ етіп көрсеткен. Картина телеарнадан көрсетілген бойда маған қоңырау шалғандар өте көп болды. Шәмшінің көзін көрген ауылдағылар «мынау не масқара, ұят емес пе? Қалайша үн түнсіз отырсың?!», - деп маған реніштерін жеткізді.

«Өзбектің ала дамбалын киген қатындармен Шәмшіні неге көрсеткен? Қай кездері қатындармен ойын ойнап жүрген еді?»,- деп ашуланғандар жетіп артылады.

Қазақ жұртын ғажайып әндерімен тербеткен талантты бұл образда көрсету дұрыс болмады. Шәмшінің көзін көргенк ез-келген адам бұл телетуындымен келіспейді", - деп наразы болды ол.

Сонымен бірге ол елге шәмшітанушы ретінде танымал болған отандық композитор Қалдыбек Құрманәліге қатысты ойын да ашық айтты.

"Бүгінде кейбір «Шәмшітанушылар» Шәмші Қалдаяқовты елге мен таныттым, атын мен шығардым деп айтатын көрінеді.

Осы тұста көптен бері көкейде жүрген бір мәселені ашық айтсам деймін. Мен біреуге жала жауып немесе біреумен ұрсысып көрген адам емеспін. Қалдаяқовтар тегіне сөз келгенін қаламайтынмын. Кейбір әділетсіздікке, дұрыс емес нәрселерге көз жұмып қарадым. Алайда шыдамым таусылды. Әңгіме бүгінде өзін Шәмшітанушымын деп жүрген Қалдыбек Құрманәлі туралы.

Міне, сол Қалдыбектің көп ісіне көңілім толмайды. Шәмшіні «жекеменшігі» етіп алған сияқты. Шәмшінің атын жамылып, көлеңкеде жүріп-ақ талай тірлік тындыруда. Қалдыбек болмаса Шәмші елеусіз қалар ма еді? Онсыз да Шәмшіні халық біледі, сүйеді, мақтан тұтады. Шәмші халықтың Шәмшісі. Жұрттардан естимін Қалдыбек: «Қалдаяқовтар жүрген мүсәпір, қолдарынан түк келмейді. Мен болмасам Шәмшінің аты шықпайтын еді», - деп айтады екен.

Мұнысы рас па, өтірік пе өз құлағыммен естімеппін. Бос әңгімеге бола арадағы сыйластыққа көлеңке түсірмейін деп келдім. Қалдыбектің жауы бар, досы бар солардың бос әңгімесі шығар деп те ойлайтынмын. Бірақ кейбір істеріне қарап, көңілім құлазиды. Шәмші ағамның атын былғап адамдардан ақша сұрауды әдетке, дәлірегі бизнеске айналдырып алған Қалдыбек Құрманәлі сонда Қалдаяқовты қолдап жүр ме, әлде қорлап жүр ме деген де сұрақ мазалайды. Кей әрекетінен өзгеше бір жымысқы ойдың астарын аңғарамын. Бауырымның атынан концерт берсе де бір ауыз айтпайды, хабар бермейді. Жақында Созақта болып өткен концертке ешкім шақырмады да.

Ағамды ешкімнен қызғанбаймын, ол - халықтың адамы. Шәмшіні Қалдыбексіз де халық біледі. Дегенмен ар, ұят деген болуы керек қой.

Мына бір жәйтті де айта кетейін. Астанада Шәкеңнің шығармашылығына арналған концерт болатынын естідім. Мені Шәмшінің жалғыз қарындасы деп елеп, ескеріп шақырған жан болмаған соң, өзім билет сатып алып, баруды жөн санадым. Кеш өтетін Конгресс холғах абарласып билетті қалай алуға болатынынс ұрадым. Меніңс ұрағыма жауап берген Айгүл есімді қыз билеттің тек Астана қаласында сатылатынын, Шымкенттен қалай алуға болатынынан хабары жоқтығын жеткізді. Сондай-ақ, билеттің құны 3000 теңгеден 8000 теңгеге дейін екендігін айтты.

«Концертті ұйымдастырушы Қалдыбек Құрманәлі, сол кісіден сұраңыз», - деді. Шәмшіні бизнеске айналдырып жібергені ме деген ойға қалдым. Сол күні кешке Қалдыбекке билет жөнінде хабарластым. Ол телефонын көтермеді. Кейінірек екеуміз ұялы телефон арқылы сөйлесіп, маған айтпаған сөзі қалмады. Ол сөздерді айтуға аузым бармайды. Оның сол сөздерінен кейін қатты ауырып, төсек тартып жатып қалдым. Сонда Шәмшітанушы атанып жүрген Қалдыбектің Шәмшінің жалғыз қарындасын сыйламағаны ма?! Ағам тірі болғанда бұл қорлықты көрмейтін едім деп жылап аламын кейде", - деп ойын ашық айтты Райхан Қалдаяқова.

Дереккөз Nur.kz

 

 

 


Комментарии (0)

    MERGENSOZ
    MERGENSOZ

    Aidos Sarym

    Насчет заморозки средств Нацфонда.
    Создается впечатление, что многие сограждане восприняли новость будто эти деньги уже забрали с концами. Это не так. 
    Заморозка счетов - это в общем-то обычная процедурная мера в такого рода делах. Не мы первые, не мы последние. Если проиграем в суде снимут деньги Стати плюс судебные издержки. И скорее всего на время заморозки не будут идти проценты. 
    Вопрос, кажется, глубже.
    1. Наши госорганы, которые привыкли считать наши суды недоразумением и формальностью оказываются полностью беспомощными в более или менее конкурентном суде за рубежом. 
    И теперь, вопрос быстрой и эффективной разморозки счетов в НЮ Меллоне - это вопрос чести для правительства Сагинтаева. 
    Разморозка возможна в случае если суд убедится в доброй воле ответчика, его готовности признать юрисдикцию и выполнить любое решение суда либо если правительство договорится с истцом. Чем дольше суд - тем больше издержки. 
    Кроме всего прочего власти должны обьяснить людям что происходит. Информировать общество о ходе процесса. 
    2. Из правового нигилизма следует и второе следствие. Наши чиновники и госбизнес смотрят на контракты как на формальность. Завели инвестора, не понравилось, можно и кинуть. Благо силовой и судебный ресурс свой. 
    Между тем инвесторы собирают бумаги, нанимают юристов и при случае потом могут поставить в позу зю не тех кто их кинул, а конкретно государство. Что с нами и произошло. Есть много фирм, которые на этом заточены и сьели не одного бегемота. 
    Допускаю, что Стати сам не ангел, а проект был с душком. Но разве нельзя было выкинуть его соблюдая все процедуры? 
    3. В любой стране подобное событие вызвало бы ураган и цунами негодования. У нас же тишина. 
    Где парламентские слушания? Где заявления политпартий? Где расследования в СМИ, интервью с фигурантами, с г-ном Стати? 
    ...
    В любом случае это важнее чем Төреғали...

    ALASHORDA - 100 JIL
    TUGAN KUN