MANYZDY
OZ OIYM

Almatyda prokuratura qyzmetkeri men tergeushi ustaldy

Almatyda prokuratura qyzmetkeri men tergeushi ustaldy

Алматыда Наурызбай АІІД тергеушісі Е. Әнуарбек пен қалалық прокуратура қызметкері В. Тихонов уақытша ұстау абақтысына қамалды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Бас прокуратураның Тергеу департаменті Алматы қаласы Наурызбай АІІД тергеушісі Е. Әнуарбек және Алматы қаласы прокуратурасының қызметкері В. Тихоновқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 413-бабы бойынша (Қылмыстық жауаптылықтан көрiнеу заңсыз босату) қылмыстық істі тергеп жатыр», - деп жазылған ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қызметкерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Бас прокуратураның жедел тергеу тобы жүргізуде.

«Е. Әнуар мен В. Тихонов бұрын бірнеше мәрте сотты болған Ж. және Д.-ны қылмыстық жауаптылықтан заңсыз босатуының салдарынан олардың біреуі қайта ауыр қылмыс жасаған (қылмыскер қамауға алынды). Бас прокуратура қылмыс жасады деген күдікпен Е. Әнуарбек пен В. Тихоновты ұстап, уақытша тергеу изоляторына қамады», - деп толықтырды Бас прокуратура.

Тергеу жалғасуда, басқа ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды.


Комментарии (0)

    MERGENSOZ
    MERGENSOZ

    Amirzhan Kossan

    Повышение зарплат депутатов и полицейских - покупка их лояльности в ближайший период; следовательно, в скором времени в парламенте надо будет утверждать что-то особенное и нужно будет обеспечивать порядок во время возможных протестов.
    А учителя и врачи - подождут?!
    На месте школьных и медицинских профсоюзов я бы возмутился и призвал бы своих коллег проявить свой протест!

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    ALASHORDA - 100 JIL
    TUGAN KUN