MANYZDY
OZ OIYM

Komirli Qaragandyda khalyqqa komir zhetpei zhatyr

Komirli Qaragandyda khalyqqa komir zhetpei zhatyr

Қарағанды облысының халқы үйлеріне көмір жағып, жылыта алар емес. Шахталардың ауызындағы кезек шақырымдарға созылып кеткен. Бұл туралы КТК хабарлайды.

Жүк тиеу бекетінен күн сайын тек 50 машина ғана аттандырылады. Жүргізушілер тәулікке жуық уақыт кезек күтіп тұр. Келісім-шарт жасасқан кәсіпорын еш кезексіз талонмен алады. Олар көбінесе жаңа ғана әкелінген көмірді тасып әкетеді. Ал жеке адамдарға жазда дайындалып қойған көмір беріледі.

“Бұл жерде күн сайын төбелес. Үйде көмір жоқ, жылу жоқ. Қарағандыда тұрамыз, бірақ көмір жетпейді, бұл деген ұят әрі күлкілі”, – дейді тұрғын.

Ал қоймада қалған-құтқар көмірді ешкім сатып та алмайды, себебі ол дұрыс жанбайды екен. Көмір тапшылығынан әсіресе алыс аудандар зардап шегіп отыр. Қатты отынның бағасы да бензин бағасымен бірге шарықтап барады.

“Бензинді кей жерлерден 153, 160-қа құйып аламыз. Ал кей бекеттерде жанармай тіпті жоқ. Ал көмірді алыс аудандарға тасыған кезде біз оны тоннасын 17, 18 мыңнан сатамыз. Біздің қырып пайда тауып жатқанымыз шамалы”, – дейді Қуандық Мұқашев.

Кезекте тұрғандардың алпыс пайызы көрші облыстан келгендер. Ал шенеуніктер болса вагондарға қатысты еш проблема жоқ дейді. Билік біресе ауа-райын, біресе шыдамсыздық танытты деп халықты кінәлайды.

“Екі ауысым бекітіліп, олар тәулігіне 50 машинаға тиеп жатыр. Қазір ол жердегі жұмыс күніне 150-170 машинаға дейін жоғарылады. Яғни, жұмыс тәулік бойы жүріп жатыр. Сонымен қатар, Шұбаркөлден 25 вагон Қарағанды мен Қарағанды облысына тәулік сайын қатынап жатыр”, – деді облыс әкімінің орынбасары Алмас Айдаров.

Билік мәселені бір апта ішінде шешеміз дейді. Бүгіннен бастап жұмыс тәуліктік режимге көшіп, көмір күнде де, түнде де сатылатын болды.


Комментарии (0)

    MERGENSOZ
    MERGENSOZ

    Amirzhan Kossan

    Повышение зарплат депутатов и полицейских - покупка их лояльности в ближайший период; следовательно, в скором времени в парламенте надо будет утверждать что-то особенное и нужно будет обеспечивать порядок во время возможных протестов.
    А учителя и врачи - подождут?!
    На месте школьных и медицинских профсоюзов я бы возмутился и призвал бы своих коллег проявить свой протест!

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    ALASHORDA - 100 JIL
    TUGAN KUN