MANYZDY
OZ OIYM

Sagyntaevqa saual

Sagyntaevqa saual

ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев Қырғыз елінің Президенті А. Атамбаевтың айтқан сөздеріне қатысты Мәлімдеме жасаған болатын.

Құрметті  Бақытжан Әбдірұлы !

СІЗ мәлімдемеңізде  «Қырғыз елінің жасалған жауапсыз, арандатушылық мәнді және көпе-көрінеу жалған пайымы біздің елдеріміздің арасындағы ғасырлар бойы қалыптасқан өзара көмек пен достықтың дәнекеріне нұқсан келтірмеуі тиіс дегенсіз.

Қазақ көзі ашық, көкірегі ояу сауатты халық, А.Атамбаевтің айтқанын тыңдадық. Алайда, Қырғыз басшысы, қазақ ұлты мен  қазақтың салт-дәстүрі мен  тарихын кемсітпеді. Екі тату-тәтті көрші ел арасына от жағып, ұлттық арандату және достық қарым-қатынасқа нұқсан келетін сөздер айтпады. Тек, Қырғыз елінің ішкі мемлекеттік ісіне араласқысы келетін Қазақстан билігіне қарата, өткір сын айтты. Егерде, Сіз мәлімдемеңізде айтқандай, А.Атамбаев тарапынан халықаралық нормаларға сай заң бұзушылық болса, не себепті халықаралық сотқа жүгініп, Атамбаевтан ресми түрде кешірім сұрауды талап етпей отырсыздар?

Қырғыз жұртшылығын Қазақстанның шынайы экономикалық дамуы туралы дереу хабардар етуді жөн деп шешіп, төмендегі деректерді келтіріпсіз. «Тәуелсіздік жылдары біздің экономикамыз 20 есе өсті» депсіз.

- Алайда қымбатшылық ай сайын өсуде, ал жалақы мен еңбекақы мардымсыз қана өсіп, инфляцияға жұтылуда.

«2012 жылы Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті 50 ең озық экономикасының қатарына кірді» деп атап өтіпсіз.

- Әкім-басшылар мен министрлердің жалған мәліметтері арқылы 50 ел қатарына енген шығармыз. Десек те, халықтың әлеуметтік жағдайы жағы әлі күнге дейін орташа болып отыр.

«Қазақстанның көлік инфрақұрылымы да кең ауқымда жаңғыртылуда. 25 жылдың ішінде 10 мың км астам автожол салынды және қайта жөнделді. Таяу жылдары бұған қоса ұзындығы 8000 км асатын автокөлік жолдарының желісі жаңғыртылатын болады» депсіз.

  • Бұл санды жоққа шығармаймыз. Алайда, автожолдар сапасыз, сол себепті жыл сайын бір жерді қайта жөндеп, ілгері жылжымай отырмыз. Сапасыз жолдың кесерінен жол-көлік оқиғалары көбеюде. Ауыл-аймақта жолдар әлі күнге дейін жоқ.
  • «Қазақстан тәуелсіздік жылдары 120 млн шаршы метр тұрғын үй салып, 1,1 млн-нан астам қазақстандық отбасын баспанамен қамтамасыз етті» депсіз.
  • Алайда, Орал қаласында үйдің кезегі әлі жылжымауда.
  • «Тұрғын үй құрылысы белсенді түрде дамуда. Тек осы жылдың өзінде 10,1 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй пайдалануға беріледі» депсіз.
  • Бірақ, қалған адамдарды айтпай-ақ, Орал қаласында әлеуметтік жағынан категорияға жататын: мүмкіндігі шектеулі мен зағип жандар, жетім-жесірлердің т.б өздері шексіз үйдің кезегінде әлі тұр. Баспаналары жоқ болуы себепті, қазағым пәтер жалдап немесе өзге ұлт өкілдерінің босағасында сығалап, пәтер жалдап өлместің күн кешуде.
  • Елімізде әлеуметтік инфрақұрылым белсенді дамып, 500 жаңа балабақша және 1,4 мың мектеп салынды» деп көрсетіпсіз.

- Оған сөзім жоқ. Алайда, 26 жыл бойы білім жүйесінде  реформалар әлі күнге дейін болып, білім саласы былыққа батып, жыл сайын оқу процесі мен оқулықтарға өзгерістер енгізіліп, балалар мен ата-аналардың бастары қатуда.

«Жыл сайын орташа есеппен 270 мың жаңа жұмыс орындары құрылады» депсіз.

  • Егер осы мәлімет шындыққа сыйса, 26 жыл бойы барлық қазақстандықтар жұмыспен қамтылар еді ғой. Өкінішке орай, халық пен жастарымыздың басым көпшілігі жұмыссыз қаңғып жүргені баршаға аян.
  • Мәлімдемеңізде «соңғы 15 жылда орташа еңбекақы мен зейнетақы 10 еседен астам көбейді» депсіз.
  • Өскенін жоққа шығармаймыз. Бірақ 15 жылда қанша есе рет халық көп тұтынатын азық-түлігі мен заттары және жанар-жағар май, коммуналдық тарифтер, дәрі-дәрмек бірнеше есе өскенін өзіңіз білетін шығарсыз.
  • «Біздің елімізде орташа өмір сүру ұзақтығы 72,3 жылға дейін артты» депсіз.
  • Жұмысы жоқ немесе еңбекақысы мардымсыз ғана ауырған адамдар емделуге, операция жасалуға ақша таба алмауы себепті, жастайынан өлім көбейіп отырғанына барлық халық күнделікті куә болып отыр.
  1. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың стратегиялық мақсаттарын іске асыра отырып, біз жаңа Астанамызды салдық. Астананың дамуына 50 млрд АҚШ долларынан астам инвестициялар тартылды. Қазіргі таңда Астана тұрғындарының саны 1 млн адамнан асты.
  • Астана салынды оған сөзім жоқ. Ұлттық-рухани, моралдық –материалдық жағынан әбден қалжыраған халқыма Астананың көркейгені оларға не береді.
  • Өз мәлімдемеңізде «биыл Астанада бүкіл ТМД елдерінің ішінде алғаш рет «Болашақтың энергиясы» Бүкіләлемдік Экспо-2017 көрмесі өткізілді. Оған 115-тен астам мемлекеттер мен 22 халықаралық ұйымдар қатысты. Көрмені өткізу кезінде 4 миллионға жуық туристер келді» деп әдемі сандарды көрсетіпсіз.

-  Бірақ осы көрме барысында қанша қаржы түскенін айтапсыз. Және көрмеден кейін жанар-жағармай мен т.б күрт өсіп кетті. Мемлекетті құраушы-қазақ ұлтына еш материалдық пайдасы тимесе, көрменің халыққа берер рухани құндылығы болмаса, онда  халыққа «Экспо-2017»  не үшін қажет?

Құрметпен: қоғам белсендісі Талғат Қатауов 

Орал қаласы


Комментарии (0)

    MERGENSOZ
    MERGENSOZ

    Amirzhan Kossan

    Повышение зарплат депутатов и полицейских - покупка их лояльности в ближайший период; следовательно, в скором времени в парламенте надо будет утверждать что-то особенное и нужно будет обеспечивать порядок во время возможных протестов.
    А учителя и врачи - подождут?!
    На месте школьных и медицинских профсоюзов я бы возмутился и призвал бы своих коллег проявить свой протест!

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    ALASHORDA - 100 JIL
    TUGAN KUN