MANYZDY
OZ OIYM

«Altyn dopty» zhenip aldan futbolshy Liberia prezidenti boldy

«Altyn dopty» zhenip aldan futbolshy Liberia prezidenti boldy

1995 жылы Еуропаның үздік футболшысы атанып, «Алтын допты» жеңіп алған Джордж Веа Либерия президенті атанды. Бұл туралы «Р-Спорт» порталы National Accord басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Либерияда президент сайлауы сейсенбі күні өтті. Халықаралық бақылаушылардың айтуынша, кейбір аймақтарда дауыс беру шамалы кеш басталғанымен, жалпы сайлау жақсы өткен. Бүкіл ел бойынша 2,1 миллион адам сайлауға қатысқан. Оның қорытындысы бойынша 51 жастағы Веа елдің қазіргі вице-президенті Джозеф Бокайды басып озған.

Веа елдің президенті қызметінде 2011 жылы Нобель сыйлығының лауреаты Элен Джонсон-Серлифс орнын басады. Ол елді бұған дейін 12 жыл басқарған.

Веа 2005 жылы да Либерия президентіне үміткер болған. Ол кезде сайлаудың қорытындысы бойынша Веа екінші орын алып қалды.

Айта кетейік, Веа 1985-2003 жылдары футбол ойнаған, Африка құрлығынан шыққан ең танымал шабуылшылардың бірі болды. Ол франциялық «Монако», «ПСЖ» және «Маресль» ағылшындық «Челси» және «Манчестер Сити», италиялық «Милан» клубтарының намысын қорғаған. Веа әлем чемпионатында топ жармаса да, «Алтын доп» жеңіп алған.

Өз карьерасында Веа Франция және Италия (екі рет) чемпионы атанса, үш рет Франция кубогын және Англия кубогын жеңіп алған. Сонымен қатар 1995 жылы «Алтын допты» және үш рет Африканың үздік футболшысы атанды.


Комментарии (0)

    MERGENSOZ
    MERGENSOZ

    Amirzhan Kossan

    Повышение зарплат депутатов и полицейских - покупка их лояльности в ближайший период; следовательно, в скором времени в парламенте надо будет утверждать что-то особенное и нужно будет обеспечивать порядок во время возможных протестов.
    А учителя и врачи - подождут?!
    На месте школьных и медицинских профсоюзов я бы возмутился и призвал бы своих коллег проявить свой протест!

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    ALASHORDA - 100 JIL
    TUGAN KUN