MANYZDY
OZ OIYM

N.Nazarbaev Resei prezidentimen kezdesti

N.Nazarbaev Resei prezidentimen kezdesti

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сочиде Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтың өзекті мәселелерін талқылап, қарым-қатынасты әрі қарай дамыту перспективаларын талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Қазақстанның экономикада және басқа да салалардағы маңызды стратегиялық әріптесі екенін айтты.

«Биыл біз біздің елдеріміз арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнағанына 25 жыл толуын атап өттік. Биыл өзара сауда үштен бірге артты. Барлық бағыт бойынша жаңа бірлескен кәсіпорындар құрылып жатыр», - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Еуразия экономикалық одағы аясында екі елдің ынтымақтастығы нәтижелі екенін атап өтті.

«Қалыптасқан қиындықтарға қарамастан, біз алға ілгерілеп келеміз. Қазақстан Ресейдің ең сенімді және жақын серіктесі болады. Бұған қоса, Байқоңыр бойынша серіктестігіміздің дамып келе жатқанын атап өтуге болады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ екі мемлекеттің басшылары алдағы кездесулер кестесін талқылап, өңірлік саясаттың өзекті мәселелеріне тоқталды.

Владимир Путин мемлекетаралық байланысты дамыту мен нығайтудың басты факторы саналатын мұндай екіжақты кездесулерді өткізудің маңыздылығы мен жемістілігін атап өтті.


Комментарии (0)

    MERGENSOZ
    MERGENSOZ

    Amirzhan Kossan

    Повышение зарплат депутатов и полицейских - покупка их лояльности в ближайший период; следовательно, в скором времени в парламенте надо будет утверждать что-то особенное и нужно будет обеспечивать порядок во время возможных протестов.
    А учителя и врачи - подождут?!
    На месте школьных и медицинских профсоюзов я бы возмутился и призвал бы своих коллег проявить свой протест!

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    ALASHORDA - 100 JIL
    TUGAN KUN