MANYZDY
OZ OIYM

Nurlan Ermekbaev: Radikaldy uiymdagylardyn 80 paiyzy - zhastar

Nurlan Ermekbaev: Radikaldy uiymdagylardyn 80 paiyzy - zhastar

Бүгінгі күні түрлі радикалды ұйымдардың 80%-ын 30 жасқа дейінгі жастар құрайды. Бұл туралы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Мәскеу қаласында өткен Жастар саясатын жүзеге асырумен айналысатын ведомство басшыларының халықаралық министрлік кездесуінде айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі кезде жастар дөп келіп отырған қауіп-қатерлерге қарсы тұру бойынша ведомстволардың бірлескен іс-әрекетін үйлестіру мақсатында өткен басқосуға әлемнің 70-тен аса елінен өкілдер жиналды. Олардың арасында БҰҰ бас хатшысының жастар ісі жөніндегі өкілі Джаятма Викраманаяке, Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары Виталий Мутко, Ресей Федерациясы Білім және ғылым министрі Ольга Васильева, Ресейдің жастар ісі жөніндегі федералдық агенттігінің жетекшісі Александр Бугаев, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры Виктор Садовничий бар.

«Халықаралық қауіпсіздік» тақырыбындағы панелдік дискуссияда сөз алған ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев министрлік тарапынан мемлекеттің зайырлылық қағидаларын нығайту және радикализмнің алдын алудағы заңнаманы жетілдіру бойынша атқарылып отырған жұмысты баяндады.

«Жастарға бұқаралық мәдениет және Интернет күшті ықпал етеді. Бүгінгі күні түрлі радикалды ұйымдардың 80%-ын 30 жасқа дейінгі жастар құрайды. Осыған орай, елімізде және жалпы халықаралық жастар ынтымақтастық жүйесінде жастарды бағыттауға және ынталандыруға арналған құндылықтарды қалыптастырудың тиімді жүйесі болғаны маңызды», - деді Нұрлан Ермекбаев.

Министр отбасылық тәрбие жүйесін нығайту бойынша әлеуметтік жобаларды дамыту мүмкіндігіне назар аудартты.

«Біздің халықаралық деңгейдегі жобаларды іске асыру үшін қажетті инфрақұрылымымыз бар және барлықтарыңызды жастар саясаты саласындағы ҮЕҰ ресурстарын тартумен ынтымақтастыққа шақырамыз. Бүгін біздің елдеріміз ШЫҰ жастар кеңесі, Түркі кеңесі және ТМД елдері кеңесінің аясында өзара қарым-қатынас жасайды. Осы алаңдарға әр қатысушы мемлекет шығындарын өздері өтейді. Сонымен бірге, біздің оператордың негізінде қаржыландыру жүйесін және аталған алаңдар іс-шараларын үйлестіруді орталықтандыруға болады», - деді министр.

Бұдан өзге, Нұрлан Ермекбаев іс-шараға әлі қатыспайтын елдер министрлерінің арасында барлық аталған алаңдардың жұмыс жоспарларын таратуды ұсынды. Осылайша, алынған ұсыныстар халықаралық қауіпсіздік мәселелерін тиімді шешуге көмектесетініне сенім білдірді. Сонымен қатар, министр түрлі өзекті сұрақтар бойынша тұрақты онлайн-кеңестер ұйымдастыру арқылы бірлескен жұмыстың форматын жетілдіруді ұсынды.

Еске сала кетейік, Халықаралық Министрлік кездесу 15 қазан күні Сочи қаласында басталатын XIX Бүкіләлемдік жастар мен студенттердің фестивалі қарсаңында өтіп отыр.


Комментарии (0)

    MERGENSOZ
    MERGENSOZ

    Aidos Sarym

    Насчет заморозки средств Нацфонда.
    Создается впечатление, что многие сограждане восприняли новость будто эти деньги уже забрали с концами. Это не так. 
    Заморозка счетов - это в общем-то обычная процедурная мера в такого рода делах. Не мы первые, не мы последние. Если проиграем в суде снимут деньги Стати плюс судебные издержки. И скорее всего на время заморозки не будут идти проценты. 
    Вопрос, кажется, глубже.
    1. Наши госорганы, которые привыкли считать наши суды недоразумением и формальностью оказываются полностью беспомощными в более или менее конкурентном суде за рубежом. 
    И теперь, вопрос быстрой и эффективной разморозки счетов в НЮ Меллоне - это вопрос чести для правительства Сагинтаева. 
    Разморозка возможна в случае если суд убедится в доброй воле ответчика, его готовности признать юрисдикцию и выполнить любое решение суда либо если правительство договорится с истцом. Чем дольше суд - тем больше издержки. 
    Кроме всего прочего власти должны обьяснить людям что происходит. Информировать общество о ходе процесса. 
    2. Из правового нигилизма следует и второе следствие. Наши чиновники и госбизнес смотрят на контракты как на формальность. Завели инвестора, не понравилось, можно и кинуть. Благо силовой и судебный ресурс свой. 
    Между тем инвесторы собирают бумаги, нанимают юристов и при случае потом могут поставить в позу зю не тех кто их кинул, а конкретно государство. Что с нами и произошло. Есть много фирм, которые на этом заточены и сьели не одного бегемота. 
    Допускаю, что Стати сам не ангел, а проект был с душком. Но разве нельзя было выкинуть его соблюдая все процедуры? 
    3. В любой стране подобное событие вызвало бы ураган и цунами негодования. У нас же тишина. 
    Где парламентские слушания? Где заявления политпартий? Где расследования в СМИ, интервью с фигурантами, с г-ном Стати? 
    ...
    В любом случае это важнее чем Төреғали...

    ALASHORDA - 100 JIL
    TUGAN KUN