MANYZDY
OZ OIYM

QYTAIDAN QAUIPTENUDIN QAJETI ZHOQ

QYTAIDAN QAUIPTENUDIN QAJETI  ZHOQ

Елімізде Қытай десе қауіп деп қабылдайтын түсінік бары рас. Бұл тұста Джеки Чан да, Димаш Құдайбергенов те көмектесе алмайтын шығар. Әлбетте, Қытайдың экономикалыққуатынан біз түгілі Еуропа сескенеді. Оныңқасында біз кімбіз деуіміз мүмкін.

Алайда, Қытайды қауіп емес, мүмкіндік деп қарасақ бұдан ұтарымыз сөзсіз көп. Бәрі де тек өзімізге байланысты. Британияда оқуым басталғанда қаншама қытайлық студентпен таныстым. 90% елімізді білмейтін шығар. Көршіміз деп әрең түсіндірдім. Негізі, Қытай десе истерия мен фобияның басталғаны жақсы емес. Қараңызшы, мұнай-газ нарығындағы кризистен соң ел экономикасы да бюджеті де қиын жағдайда қалды. 2016 жылы мұнай секторынан бюджетке түскен кіріс 40% азайған. Президенттің соңғы жолдауында акцент логистика, транспорт және ауыл шаруашылығына қойылды. Бұл тұрғыда Қытай біздің экономика үшін негізгі нарық болуы мүмкін. Бірнеше жалпы фактілерді келтірсек:

1) "One belt, one road" (Бір белдеу, бір жол) жобасы біздің "Нұрлы Жол" идеямызбен бірдей. Мақсатымыз ортақ. Қытай бұл жобасына 1 трлн $ (!!!) жұмсамақшы. Мұнда біздің елдің де үлесі болады. 2016 жылдың өзінде "Алашанькоу" пунктінен Еуропа мен Орталық Азияны бағытталған 1200 темір жол составы өткен. 2017 жылдың өзінде Қытайға 162 жүк темір жол составы келген, шамамен 440 млн $ тауары тасымалданған. Бастысы, 2016 жылы Қытайдан Еуропаға шыққан жүк поезінің 80% Қазақстан территориясы арқылы өткен. Бұл тек темір жол саласы, бұған автокөлік тасымалын қоссаңыз мүмкіндікті анық түсінуге болады. Министр Жеңіс Қасымбектің ақпаратына сенсек 2020 жылға дейін аймақтағы тауар айналымы 1,2 трлн $ жетпек. Мұны ұтымды пайдалансақ өте тиімді болмақ.

2) Қытай - Қазақстан тауарлары үшін маңызды нарық. Оның үстіне, енді Қытай экспорттаушы ғана емес, импорттаушы елге айналмақ. Шамамен алдағы он жылда 8 трлн $ дейін арттыру міндеті қойылды. Әрине, біз мұнан өз үлесімізді алуымыз керек. Өкінішке қарай, 2016 жылы тауар айналымы 7,1 млрд $ ғана болыпты. 27% төмендеген. Десе де қызмет көрсету саласы 21% өсіп, 1,1 млрд $ құраған. Ал оның 84% (!!!) транспорт саласына тиесілі. Ауыл шаруашылығы тауарлары экспорттау 115 млн $ ғана екен. Мұны көтеруге потенциал бар деп ойлаймын. Мысалы, осы салада құны 1,7 млрд $ болатын 19 жоба басталыпты. Негізі 2020 жылы тауар айналымын 40 млрд $ көтеру жоспары болған. Мұны орындау қиын, дегенмен 50% орындалса да жетістік деп бағалауға болар.

3) Ортақ индустриалды жобалар. Бұл бағытта 51 жоба іске аспақ, Қытай инвестициясы 26 млрд $ құрамақ. Бұл дегеніңіз жұмыс орындары, бастысы экономиканың нақты секторы.

Қысқасы, біз біреуден қауіптеніп, есікті тарс жауып отыра алмаймыз. Өзіміз қуатты серіктеске айналуымыз керек, онсыз даму да өркендеу де болмайды. Сосын, "бізге пайдалы ал сендерге ештеңе де жоқ" деген принцип болмайды. Мұнда ұлттық мүддені қорғауда компромисске бара алатын шебер, мемлекетшіл, білікті азаматтар ауадай қажет екені анық.

Руслан Желдібайдың

Fasebook-тег парақшасынан


Комментарии (0)

    MERGENSOZ
    MERGENSOZ

    Amirzhan Kossan

    Повышение зарплат депутатов и полицейских - покупка их лояльности в ближайший период; следовательно, в скором времени в парламенте надо будет утверждать что-то особенное и нужно будет обеспечивать порядок во время возможных протестов.
    А учителя и врачи - подождут?!
    На месте школьных и медицинских профсоюзов я бы возмутился и призвал бы своих коллег проявить свой протест!

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    ALASHORDA - 100 JIL
    TUGAN KUN