MANYZDY
OZ OIYM

Memleket demeuimen damygan zhikhaz ondirisi

Memleket demeuimen damygan zhikhaz ondirisi

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаннан бері Ақмола өңірінде 500-ден аса жоба қаржылық қолдауға ие болған. Мемлекеттің демеуімен бизнесін ширатып алған іскер азаматтың бірі – Әмір Сақтағанов. Кәсіпкердің жиһаз цехы мемлекеттік қолдаудың арқасында өндірістік қуатын арттыруда.

Кәсіпкер бизнестегі алғашқы қадамын 2009 жылы бастапты. Қолындағы бар қаражатқа қондырғылар алып, шағын гаражда жалдамалы жұмысшымен бірге жиһаз өндірісін қолға алады. Осы салада тәжірибесі бар ол «Көкше-Мебель» серіктестігін құрады. Уақыт өте келе тапсырыс көбейіп, үлкен өндірістік ғимаратты жалға алған. Содан бері кәсіпорын өсіп, өркендеді.

Алайда қазір бәсекелестік жоғары. Сондықтан да осы саладағы өзгерістерді қалт жібермеуге тырысатын кәсіпкер тұтынушының көңілінен шығарлық жиһаз жасау үшін заманауи қондырғылар қажет екендігін айтады. Ал ондай құралдар арзан тұрмайтыны белгілі. Бастаған ісін ілгерілетіп, өндіруден бастап өз өнімін таратуға дейінгі жұмыстың толық циклын жөнге келтіру үшін кәсіпкер Әмір Сақтағанов «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорынан өңдеуші кәсіпорындарды қолдауға бағытталған «Даму-Өндіріс» бағдарламасы бойынша жылына 6 пайызбен 40 миллион теңге несиеге қол жеткізді. Кәсіпкер бұл қаражатқа ПВХ ағашын өңдеуге автоматандырылған станок пен шикізат алды. Осылайша, жиһаз өндірісі дұрыс жолға қойылып, жаңа технологияларды енгізу арқылы өндіріс көлемін еселеп арттыруда. Бүгінде компания жұмсақ және құрастырмалы жиһаздың 150 түрін шығарады.

«Экономикалық дағдарыстарға қарамастан алдағы күндерге деген сенімімізді жоғалтпай, тұтынушыларға қажетті жиһаз өндіруді тоқтатқан жоқпыз. Оның қолжетімді бағаға және жоғары сапаға ие болуына күш-жігерімізді жұмсадық. Төккен теріміз текке кетпеді. Осының барлығын мемлекеттік көмек-қолдаудың нәтижесінде жүзеге асырдық. Өз ісіңе сенсең, алынбайтын қамал жоқ екен. Жақсы әріптестер жаныңнан табылып жатса, кез келген жағдайда, жаңа жоспарлар құрып, жүзеге асыруға болады», - дейді серіктестік директоры Әмір Сақтағанов.

Жеке кәсіпкер үшін ағаш шеберлігі бастапқыда әншейін әуесқой іс болса, енді табыс көзіне айналып отыр. Бір қараған адамға кәдімгі тақтай боп көрінсе де, оның қиюын келістіріп, әдемі дүние етіп шығару да оңай емес. Кәсіпорында 80 адам еңбек етеді. Жиһаз жасау цехы ең озық құралдармен жабдықталған. Мұнда үй, кеңсе жиһаздарының бірнеше түрі шығарылуда.

«Басты мақсатымыз – аймақты сапалы әрі арзан өніммен қамтамасыз ету. Тапсырыс түсіп жатса, бұдан да көп құрастыруға қауқарымыз жетеді. Алушылардың талабына сай шеберлер ерекше дизайнда айрықша жиһаз жасап беруге дайын. Әзірге тапсырысшы тарапынан шағым түсіп көрген жоқ. Бір айтарым, тұрғындар жиһазды өзге жерден тасығанша, жергілікті өнімді алғаны дұрыс. Өйткені сапасы жақсы әрі арзанға түседі», - дейді жиһаз цехының өндіріс басшысы Павел Павловский.

Өнімді өткізу үшін қала-аудандарда дүкендер желісін ашу ісінде де ұмтылыс байқалады. Кәсіпорынның Көкшетауда 8 сауда нүктесі бар. Қала, облыс аудандарымен қатар, көршілес облыстарда да кәсіпорын жиһазына сұраныс артып келеді. Сондай-ақ, өндірушілер өздерінің жеке сайттарын ашып, жарнамасын жүргізіп отыр.

Ісі ілгері басқан кәсіпкер жаңа жұмыс орындарының ашылуы, өндіріс қуатының екі есе артуы – мемлекеттік бағдарламаның жемісі деп біледі.

«Біз жиһаз бөлшектерінің басым бөлігін өзіміз жасап жатырмыз. Бұрын құрылғылар болмағандықтан, оны дайын күйінде сатып алатынбыз. Бұл несімен тиімді дегенге келер болсақ, біріншіден, өзіндік құны арзандады, екіншіден, біз өзімізге қажетті өлшемдер бойынша кесуге мүмкіндік алдық. Қазір екінші жобаны бастадық. Ол бойынша жаңа өндірістік ғимарат ашылады.Міне, мұның бәрі мемлекеттік бағдарламаның шарапаты. Осының арқасында өндіріс көлемін ұлғайттық», - дейді кәсіпкер Ә.Сақтағанов.

Әсем ҰЛАНҚЫЗЫ,

 Baq.kz


Комментарии (0)

    MERGENSOZ
    MERGENSOZ

    Amirzhan Kossan

    Повышение зарплат депутатов и полицейских - покупка их лояльности в ближайший период; следовательно, в скором времени в парламенте надо будет утверждать что-то особенное и нужно будет обеспечивать порядок во время возможных протестов.
    А учителя и врачи - подождут?!
    На месте школьных и медицинских профсоюзов я бы возмутился и призвал бы своих коллег проявить свой протест!

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    ALASHORDA - 100 JIL
    TUGAN KUN